ХАБАРЛАМА: 2024 жылдың 30 мамырда "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

29.04.24 20:21
/KASE, 29.04.24/ – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Биржа), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, A15G7M6, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-қабат, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 1 тармағы, 37 бабы 3 тармағының 3) тармақшасы және 41 бабы негізінде Биржаның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша (2024 жылдың 10 сәуіріндегі №10 отырыс хаттамасы) шақырылатын Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу туралы өз акционерлеріне хабарлайды. Жиналыс 2024 жылдың 30 мамырында сағат 10:00 – ден (осында және одан әрі Астана қ. уақыты) Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8 қабат мекенжайы бойынша келесі күн тәртібімен өтеді: 1. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның 2023 жылдағы қызметі туралы есебін қарау туралы. 2. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның 2023 жылға арналған тұрақты дамуы туралы есебін қарау. 3. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Дивидендтік саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 4. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның 2023 жылға арналған аудиттелген жылдық қаржылық есебін бекіту туралы. 5. "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2023 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, "Қазақстан қор биржасы" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және "Қазақстан қор биржасы" АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы. 6. "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2024 жылдың жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы. 7. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелеріне 2023 жыл бойынша сыйақының мөлшері мен құрамына қатысты ақпаратты қарау туралы. 8. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2023 жыл бойынша төленетін сыйақы туралы. 9. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау және сайлау туралы. 10. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері туралы. 11. "Қазақстан қор биржасы" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдарын қарау және оларды қарау нәтижелері туралы. 12. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Жарғысына № 7 өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың 30 мамырында жиналыс өткізілетін орын бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге асырылады. Кворум болмаған жағдайда, қайта жиналыс 2024 жылдың 31 мамырында сағат 10:00-ден бастап сол мекенжай бойынша өткізіледі. Қайталама жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың 31 мамырында оны өткізу орны бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2024 жылдың 15 мамырында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады. Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет- ресурсында қолжетімді: - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300524_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300524.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300524_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-29]