"Эйр Астана" АҚ 2024 жылдың 31 наурызында аяқталған үш айдың ішінде қаржылық және операциялық көрсеткіштерді ұсынды

30.04.24 12:54
/KASE, 30.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 30 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Негізгі көрсеткіштер Маусым тұрғысынан әлсіз алғашқы тоқсандағы кірістердің күшті өсуі - Біржолғы баптарды1 есептемегенде түсім мен өзге де кірістер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,3% -ға өсіп, 264,7 млн. АҚШ долл. құрады. - o Біржолғы баптарды1 есептемегенде EBITDAR көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9% өсті және 50,0 млн. АҚШ долл. құрады. - ОЖКМ көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% -ға өсіп, 3,4 млрд. құрады. - Біржолғы баптарды1 есептемегенде, ШЖКМ-ға кіріс өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға азайды және негізінен Air Astana-мен салыстырғанда ШЖКМ-нің салыстырмалы төмен көрсеткіші бар FlyArystan авиакомпаниясының өсуі есебінен 6,41 АҚШ центін құрады. Жаз қарсаңында жолаушылар санының және өткізу қабілетінің одан әрі өсуі; флотты және бағыттарды өсу стратегиясына сәйкес кеңейту - Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,5% -ға өсіп, 1,9 млн адам болды, ал жүктеудің орташа коэффициенті 81,2% болды. - ШЖКМ көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға өсті және Air Astana-да 8,5% -ға және FlyArystan- да 35,1%- ға өсу есебінен 4,1 млрд. болды. - Топтың паркі осы жылғы қаңтарда Air Astana-ға Airbus A321 NEO жеткізілгеннен кейін 50 ұшаққа дейін ұлғайды (есепті кезеңнен кейін FlyArystan-ға Airbus A320neo осы жылғы сәуірде жеткізілгеннен кейін 51). - FlyArystan 2025 жылдың бірінші тоқсанында жеткізілетін паркті кеңейту жөніндегі бұрынырақтағы жоспарға қосымша A320ceo тағы екі ұшақтың лизингі туралы келісім жасасты. - Жоспарға сәйкес бірінші тоқсанда жазғы шыңдық кезеңде өнімділікті барынша арттыру үшін қозғалтқыштар бос тұрды. - Жоғары сұранысқа байланысты шыңдық маусымда кейбір Air Astana рейстерінің тасымал сыйымдылығын ұлғайту жоспарда ба. * 1 біржолғы баптар - 2023 жылдың бірінші тоқсанында төтенше нарықтық оқиғаны (ТНО) туғызған Ресейдегі ішінара мобилизациялаудың әсері және 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы ІРО шығыстары. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-30]