30 мамырда "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

30.04.24 16:16
/KASE, 30.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге 2024 жылдың 30 мамырында оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Эйр Астана" АҚ немесе "Қоғам"), атқарушы органның орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, 30 мамыр 2024 жылы сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) Директорлар кеңесінің Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050057, Тимирязев көшесі, 42, 10-шы корпус, Best Western Plus Atakent Park Hotel мекенжайы бойынша "Эйр Астана" АҚ-ның акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру шешімі туралы хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы уақыты бойынша сағат 10:00-да басталады. Қоғам акционерлерiнiң жылдық жалпы жиналысы "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының 35-37, 39-48, 50- 52-баптарына сәйкес қатысу тәртібімен өткiзiлетiн болады. *** Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұсынылып отырған күн тәртібі: 1. Есеп комиссиясының функцияларын "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ға жүктеу туралы. 2. "Эйр Астана" АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. 3. "Эйр Астана" АҚ-ның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және "Эйр Астана" АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы. 4. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы турал. 5. 2023 жылы "Эйр Астана" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпаратты қарастыру. 6. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі мен атқарушы органы мүшелерінің сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қарастыру. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_kz_2.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_rus_2.pdf – орыс тілінде. - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_en_2.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-30]