31 мамырда "Лизинг Групп" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

02.05.24 12:05
/KASE, 02.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KASE-ге 2024 жылдың 31 мамырында сағат 15:00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы басталатынын хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіне жеті мәселе енгізілген, оның ішінде: - компанияның 2023 жыл бойынша жылдық қаржылық есептілігін бекіту; - компанияның таза кірісін бөлу тәртібін және 2023 қаржы жылындағы бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін анықтау. Жиналыс өткізу бойынша ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/LZGR/lzgr_special_shareholders_meeting_info_310524_969.pdf [2024-05-02]