"Самұрық-Энерго" АҚ Басқармасы компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлді

02.05.24 12:10
/KASE, 02.05.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) компания Басқармасының 2024 жылдың 25 сәуіріндегі шешімімен 2023 жыл бойынша жалғыз акционеріне тиесілі 43 080 300 000 теңге мөлшеріндегі таза табысты бөлудің келесі тәртібі бекітілгенін KASE-ге хабарлады: - 20 565 903 358,8 теңге компанияның жалғыз акционеріне дивидендтер төлеуге жіберілсін; - 22 514 396 641,92 теңге жобаларды іске асыру үшін компанияның иелігінде қалдырылсын. Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_other_accidents_250424_1019.pdf [2024-05-02]