30 мамырда "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

02.05.24 12:44
/KASE, 02.05.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) KASE-ге 2024 жылдың 30 мамырында сағат 15:00-де акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен басталатынын хабарлады: 1) қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; 2) 2023 жыл бойынша жылдық қаржылық есептілікті бекіту; 3) қоғамның 2023 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивидендтің мөлшерін айқындау; 4) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдары және оларды қараудың қорытындылары туралы мәселені қарау; 5) қоғамның акционерлеріне қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2023 жыл бойынша төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау; 6) қоғамның 2022 жылдың қорытындылары бойынша және 2023 жылдың үшінші тоқсанында дивидендтерді қосымша төлеуді жүзеге асыруы; 7) қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2024 жылдың 01 наурызындағы шешіміне толықтырулар енгізу. Жиналысты өткізу туралы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://kase.kz/files/emitters/TPIB/tpib_special_shareholders_meeting_info_300524_1773.pdf [2024-05-02]