/KASE, 02.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) 2024 жылдың
29 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында
қабылданған шешімдері жөнінде KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жыл бойынша жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
- 2023 жылдың аудиторлық есебін назарға алу;
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза жинақталған пайданы бөлмеу,
2023 жылға дивидендтер есептемеу және төлемеу.
Ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/CSEC/csec_special_shareholders_meeting_results_290424_265.pdf
[2024-05-02]