"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ Басқармасының құрамы өзгерді

02.05.24 17:01
/KASE, 02.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана) В.Е. Байгужин Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 24 сәуіріндегі шешімімен компания Басқармасының құрамына сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерістің нәтижесінде "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ Басқармасы құрамында жеті адам болды: М. Б. Юсупов, К. А. Омарбеков, Д. Е. Көшербаев, Е.С. Қуантыров, С.Е. Темірбаев, Д.Т. Сағындықов, В.Е. Байгужин. Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_board_changes_240424_353.pdf [2024-05-02]