03 мамырдан бастап "Капиталинвест" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011166 (MFCIb2) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

02.05.24 17:37
/KASE, 02.05.24/ – Осыдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 30 мамырында "Капиталинвест" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011166 облигацияларын (MFCIb2, 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімі 2024 жылдың 03 мамырынан бастап күшіне енеді. KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFCIb2/ [2024-05-02]