"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі "АҚ облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті

02.05.24 18:00
/KASE, 02.05.24/ – Қазақстан қор биржасының листингілік комиссиясы (KASE) 2024 жылдың 02 мамырында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) келесі облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00010353 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360); - KZ2C00011211 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360); - KZ2C00011229 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360); - KZ2C00011237 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360). - KZ2C00011245 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың шығарылымдары Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 23 қазанында 1,5 трлн теңге сомаға тіркеген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның тоғызыншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші–алтыншы болып табылады. "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшілері мен андеррайтерлері – "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ. Аталған облигацияларға BTRKb10, BTRKb11, BTRKb12, BTRKb13 және тиісінше BTRKb14 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланады. [2024-05-02]