28 мамырда "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

02.05.24 18:20
/KASE, 02.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 28 мамырында сағат 15:00-де акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен өтетінін хабарлады: 1. компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; 2. компанияның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібі және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы; 3. акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының 2023 жылғы әрекеттеріне шағымдары және оларды қараудың нәтижелері туралы; 4. компанияның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы; 5. компанияның 2025 – 2029 жылдардағы қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды айқындау туралы; 6. компания акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы. Жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_special_shareholders_meeting_info_280524_3340.pdf [2024-05-02]