Сауда-саттық ақпарат

Орал қаласында "Қазақстан қор биржасында капитал тарту" атты дөңгелек үстел

2019 жылдың 19 қарашасында Орал қаласында KASE Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан қор биржасында қаржы тарту мүмкіндіктері туралы дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара аясында БАҚ өкілдері үшін қор нарығы және биржаның ресми сайтындағы ақпарат бойынша оқытушы шағын семинар өткізілді.

KASE Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Қайрат Тұрмағамбетов компанияға жоспарын дамыту және жүзеге асыруға капиталын арттыруға, компанияның имиджін жақсартатын, сондай-ақ оның клиенттері мен серіктестері арасында позициясын жақсартуға мүмкіндік беретін, қор нарығы арқылы қаржыландыру құралдары туралы әңгімеледі.

Қазақстан облысының әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, атқарушы органдардың және ірі кәсіпорын өкілдері іс-шараға қатысты.

KASE сондай-ақ, "Казпочта" АҚ жеке инвесторлары мен қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді. Іс-шара "Казпочта" АҚ қолдауымен өтті.

KASE өкілдері семинарда қаржы құралдарымен жұмысы туралы және Биржадағы құралдардың қол жетімді спектрі жөнінде әңгімеледі.