Сауда-саттық ақпарат

2020 жылдың III тоқсанындағы және тоғыз айындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE онлайн баспасөз конференциясы

2020 жылдың 14 қазанында сағат 12:00-де Қазақстан қор биржасы баспасөз конференциясын өткізді, онда KASE және 2020 жылдың III тоқсанындағы және тоғыз айындағы қор нарығының негізгі бағыттары мен нәтижелері баяндалды.

Іс-шара спикерлері – KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген және KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

KASE іс-шаралары уақытша қашықтық форматқа көшірілгенін еске саламыз.