Сауда-саттық ақпарат

"Қор нарығының негіздері" семинары (ақпан)

2020 жылдың 05 ақпанында KASE "Қор нарығының негіздері" атты ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – қазақстандық компания қызметкерлерінің отандық қор нарығы туралы білім деңгейін арттыру. Білім беру бағдарламасы тыңдаушыларға қор нарығының негіздері туралы тәжірибелік білім алуға және компанияның қаржы ағымдарын басқаруда қаржы құралдарын пайдалану туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

KASE басқарма мүшесі, дамыту жөніндегі директор Қайрат Тұрмағамбетов "Кіріспен: қор нарығының инфрақұрылымы" тақырыбындағы презентациямен сөз сөйледі. Ол биржа қалай жұмыс істейді және бизнес қандай жолмен бағалы қағаздар нарығына қосымша қаржы тарта алатындығы туралы әңгімеледі.

Семинарда сондай-ақ Centras Capital Group басқарушы директоры Талғат Камаров спикер болды, презентация тақырыбы – "KASE акциялары мен облигацияларын орналастыру және шығарудың негізгі кезеңдері" және KASE шет елдік бағалы қағаздар бөлімінің бастығы Жұлдызгүл Мажирина "Биржадағы листинг – start-up-тан blue chips-ке дейін" атты тақырыпта сөз сөйледі. Спикерлер бағалы қағаздардың түрлері туралы әңгімеледі және бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама нарығының жұмысы туралы мәнін ашты, бағалы қағаздарға талдау әдістемесін талқылады және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Басқа қалалардағы семинар тыңдаушылары үшін Биржаның Facebook ресми сайтында онлайн-трансляция жасау мүмкіндігі қарастырылды.