Сауда-саттық ақпарат

2021 жылы "Биржалық симулятор" жобасы

KASE 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап "Биржалық симулятор" жобасын іске қосады. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – оқу бағдарламасы шеңберінде өзінің кәсіби білімін кеңейтуді қалайтын қаржы-экономикалық және басқа да мамандықтар студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың қор нарығында жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу.

Оқу-жаттығу сауда-саттығы екі кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең – 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап 31 мамырды қоса алғанда;
2) екінші кезең – 2021 жылдың 01 қазанынан 30 қарашаға дейін.

KASE алғаш рет осындай ұзақ мерзімді оқу сауда-саттығын өткізетініне назар аударамыз. Бұрын сауда-саттық бір ай бойы өткізілді.

Google Play және App Store дүкендерінен KASE Mobile мобильді қосымшасын жүктеу арқылы қатысуға болады.

Жоба шеңберінде сауда-саттыққа қатысушыларға 30-ға жуық құрал қолжетімді болады. Yandex, Exxon Mobil, Coca-Cola және басқалары сияқты танымал брендтердің акцияларынан басқа, сауда-саттыққа инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары қосылды.

Жобаға қатысу мәселелері бойынша мына электрондық мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз – bs@kase.kz.

Мобильді сауда-саттық терминалын пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

Сондай-ақ, Биржалық Симулятордың Telegram арнасына жазылыңыз.