Сауда-саттық ақпарат

"Pro IPO: нені білу керек және қалай қатысуға болады"

2022 ж. 27 тамыз сағат 11.00-де KASE жана және белсенді инвесторлар үшін қазақ тілінде "Pro IPO: нені білу керек және қалай қатысуға болады" вебинарын өткізді.

Баяндамашылар ретінде сөз сөйледі:
Еркін Сыздықов, KASE заң бөлімінің бастығы.
Қаржы нарығында 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Корпоративтік заңгер бола отырып, қаржы ұйымдарында түрлі инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Бағдат Шолақов, "Қазпошта" АҚ қаржы және агенттік бизнес департаментінің бас менеджері.
2012 жылдан бастап қор нарығында Халықтық IPO өткізу процесіне қатысты. Қазіргі уақытта KASE қор және валюта нарығындағы мәмілелерді сүйемелдеу сұрақтарымен айналысады
Данияр Джангелов," Фридом Финанс " АҚ Атырау қаласындағы филиалының директоры.
Елдегі экономикалық процестерді талдауда үлкен тәжірибесі бар, сондай-ақ түрлі кәсіби іс-шаралар мен форумдарда сөз сөйлеу тәжірибесі бар. 2012 жылдан бері инвестор болып табылады.
Ая Алдабергенова, "First Heartland Jusan Invest"АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің Вице-президенті
Бағалы қағаздар нарығында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ол бизнесті бағалаумен және компанияларға рейтинг берумен, эмитенттерге қаржы тартумен, тікелей инвестициялармен және қаржылық кеңес берумен айналысты. Қазіргі уақытта "Jusan Invest" АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінде жұмыс істейді

Вебинарда спикерлер келесі мағлұматпен бөлісті:
• IPO дегеніміз не және ол не үшін жүзеге асырылады
• Компания IPO-ға қалай шығады және IPO кезінде акция бағасы қалай анықталады
• Инвестор IPO-да қалай ақша таба алады
Сондай-ақ Қазақстандағы IPO тарихымен және шетелдік мысалдармен танысып, брокерлер платформасы арқылы IPO-ға қалай қатысуға болатынын қадамдық көрнекі нұсқаулармен бөлісті.

Вебинар жазбазын сілтеме бойынша көріңіз.