Сауда-саттық ақпарат

2022 жылдың бірінші тоқсанындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE баспасөз конференциясы

2022 жылдың 14 сәуірінде сағат 11:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың I тоқсанындағы қазақстандық биржалық нарық жұмысының қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізеді, оның барысында KASE қызметі және Биржаның ағымдағы жылға арналған жоспарларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынылады.

Іс-шараның спикері – KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген.

Іс-шара гибридті форматта өтеді: онлайн және офлайн.

Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері алдын ала pr@kase.kz поштасы бойынша аккредиттеуден өтуі қажет. Барлық тіркелген БАҚ өкілдеріне сілтеме-шақыру жіберіледі.

KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізуі оның ақпараттық ашықтық саясатының бір бөлігі болып табылады.