Сауда-саттық ақпарат

Ақтөбеде қазақстандық брокерлердің бесінші "KASE FEST" жәрмеңкесі өтті

2023 жылғы 20 қазанда KASE Ақтөбе қаласында С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің алаңында қазақстандық брокерлердің бесінші "KASE FEST" жәрмеңкесін өткізді.

KASE, "Самұрық-Қазына" АҚ, "KEGOC" АҚ және брокерлік компаниялардың өкілдері іс-шараға қатысушыларға қор нарығына инвестициялау, оның ішінде SPO мүмкіндіктері, брокерлік компаниялармен әрекеттесу, "KEGOC" АҚ қызметінің нәтижелері және "Биржалық симулятор" оқыту сауда-саттығы туралы баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар шеберлік сыныптары мен ойындарға қатысып, түрлі жүлделерге ие болды.

Жәрмеңкеге келесі брокерлік компаниялардың өкілдері қатысты: "Қазпошта" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, "Jusan Invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ. Жалпы алғанда іс-шараға 300 ұйымның өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара KASE-нің 30 жылдығына және "Биржалық симулятор" жобасының 15 жылдығына орай, сондай-ақ Дүниежүзілік қор биржалары федерациясының (WFE) World Investor Week 2023 жыл сайынғы бағдарламасын, "Ring The Bell for Financial Literacy" рәсімін және SPO KEGOC акцияларын қосымша орналастыруды қолдау мақсатында жүзеге асырылды.