Сауда-саттық ақпарат

Алматыда қазақстандық брокерлердің төртінші "KASE FEST" жәрмеңкесі өтті

2023 жылғы 16 қазанда KASE Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алаңында қазақстандық брокерлердің төртінші "KASE FEST" жәрмеңкесін өткізді.

KASE, "Самұрық-Қазына" АҚ, "KEGOC" АҚ және брокерлік компаниялардың өкілдері іс-шараға қатысушыларға қор нарығына инвестициялау, оның ішінде SPO мүмкіндіктері, брокерлік компаниялармен әрекеттесу, "KEGOC" АҚ қызметінің нәтижелері және "Биржалық симулятор" оқыту сауда-саттығы туралы баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар шеберлік сыныптары мен ойындарға қатысып, түрлі жүлделерге ие болды.

Жәрмеңкеде "Фридом Финанс" АҚ, "Jusan Invest" АҚ, "Halyk Finance" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ сияқты ірі брокерлік компаниялардың өкілдері болды. Жалпы алғанда іс-шараға 470 ұйымның өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара KASE-нің 30 жылдығына және "Биржалық симулятор" жобасының 15 жылдығына орай, сондай-ақ Дүниежүзілік қор биржалары федерациясының (WFE) World Investor Week 2023 жыл сайынғы бағдарламасын, "Ring The Bell for Financial Literacy" рәсімін және SPO KEGOC акцияларын қосымша орналастыруды қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.