Сауда-саттық ақпарат

Астанада қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" екінші жәрмеңкесі өтті

2023 жылғы 11 қазанда KASE Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің алаңында қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" екінші жәрмеңкесін өткізді.

KASE, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KEGOC» АҚ және брокерлік компаниялардың өкілдері іс-шараға қатысушыларға қор нарығына инвестициялау, оның ішінде SPO мүмкіндіктері, брокерлік компаниялармен әрекеттесу, «KEGOC» АҚ қызметінің нәтижелері және «Биржалық симулятор» оқыту сауда-саттығы туралы айтып берді. Сонымен қатар қатысушылар шеберлік сыныптары мен ойындарға қатысып, түрлі жүлделерге ие болды.

Жәрмеңкеде «Қазпошта» АҚ, «SkyBridge Invest» АҚ, «Фридом Финанс» АҚ, «Jusan Invest» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «BCC Invest» АҚ сияқты ірі брокерлік компаниялардың өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысқан ұйымдардың жалпы саны 350-ге жетті.

Аталған іс-шара KASE-нің 30 жылдығына және "Биржалық симулятор" жобасының 15 жылдығына орай, сондай-ақ Дүниежүзілік қор биржалары федерациясының (WFE) World Investor Week 2023 жыл сайынғы бағдарламасын, "Ring The Bell for Financial Literacy" рәсімін және SPO KEGOC акцияларын қосымша орналастыруды қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.