Сауда-саттық ақпарат

KASE алаңында FEAS Бас Ассамблеясы өтті

2023 жылғы 14 қарашада KASE алаңында Еуро-Азия қор биржалары федерациясының (FEAS) Бас Ассамблеясы (GA) және Басқарма/Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің отырысы өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар арасында қор биржаларының жаңартулары мен жаңалықтары талқыланған капитал нарығы туралы Стратегиялық сессия және Дөңгелек үстел өтті.

KASE 1997 жылғы қазан айында FEAS мүшелігіне қабылданды. Бүгінгі таңда KASE FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша 5-ші орында. FEAS құрамына биржалық индустрияның Еуропа мен Азияның дамушы қор нарықтарында жұмыс істейтін 45-ке жуық кәсіби ұйымдары кіреді.