Сауда-саттық ақпарат

Халықаралық биржалық форумы

KASE-нің 30 жылдығына орай қолға алынған іс-шаралар шеңберінде, сонымен қатар Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі аясында 2023 жылғы 16 қарашада Алматы қаласында KASE Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының" қолдауымен «Биржалардың қаржы нарықтарын трансформациялаудағы рөлі» халықаралық биржалық форумын өткізеді.

Форумда халықаралық және қазақстандық сарапшылар талқылайтын өзекті тақырыптар қатарында биржалық нарықтарды, цифрлық инфрақұрылым мен құралдарды дамыту, әлемдік және жергілікті капитал нарықтарында теңгемен МБҚ сауда-саттығын ұйымдастыру, IPO-ның даму мүмкіндіктері, қаржы қызметтерін диджитализациялау және капитал нарығындағы бөлшек инвесторлар белсенділігін арттыру, қаржы нарығында ESG принциптері мен ESG өнімдерін дамыту мен ілгерілету мәселелерін атап өтуге болады.

Форум шеңберінде 30 жыл бойы Қазақстанның қор нарығын дамытуға елеулі үлес қосқан қаржы ұйымдарын, қаржы секторының сарапшылары мен мамандарын, сонымен бірге «Биржалық симулятор» байқауының жеңімпаздары атанған бөлшек инвесторларды марапаттау рәсімі өткізіледі.

Форум онлайн қосылу мүмкіндігімен тікелей кездесу түрінде өтеді.

Форумға тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.