Сауда-саттық ақпарат

Қазақстан қор биржасы "KASE фьючерстері" вебинарын өткізді

2023 жылдың 18 мамырында Қазақстандық қор биржасы қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында бөлшек инвесторлар үшін "KASE-дегі Фьючерстер" вебинарын өткізді.

Вебинарда KASE Сауда-саттық департаменті директорының орынбасары Вячеслав Хан фьючерстермен байланысты негізгі ұғымдар мен параметрлер және Биржадағы фьючерстік сауда-саттыққа қолжетімділік туралы айтып берді. Спикер, сонымен қатар, аудиториямен фьючерстік сауда-саттыққа қатысты практикалық мысалдармен, негізгі стратегиялармен және тәуекелдермен бөлісті.

2023 жылдың 19 мамырында Қазақстандық қор биржасы бөлшек инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында қазақ тілінде "KASE-дегі фьючерстер" онлайн-вебинарын өткізді.

KASE сауда-саттық департаментінің жобаларды дамыту жөніндегі жетекші маманы Алтынай Құмашова іс-шараға қатысушыларға фьючерстер деген не, фьючерстердің қандай түрлері бар, олардың қандай қасиеттері мен сипаттамалары бар, олардың артықшылықтары және акциялар мен облигациялардан қалай ерекшеленетіні, фьючерстік келісімшарттардың сипаттамаларын қайдан көруге болатындығы туралы айтып берді, сондай-ақ, басты сұрақ – фьючерстер сауда-саттықта қалай қолданылады сұрағына жауап берді.

Фьючерстік презентация.