Сауда-саттық ақпарат

Haly Finance маркет-мейкер мәртебесін алды

2023 жылдың 29 маусымында фьючерстер бойынша маркет-мейкер мәртебесін "Қазақстан Халық банкі" АҚ (Halyk Bank) еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ банктің жай акцияларына (KZ000A0LE0S4, HSBK) алды. Фьючерстер бойынша маркет-мейкердің көрсетілген мәртебесі KASE деривативтер нарығында алғаш рет беріледі.

Бұл шешімді Қазақстан қор биржасының Басқармасы "Halyk Finance" АҚ өтініші негізінде қабылдады. Сондай-ақ, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов мен "Halyk Finance" АҚ Басқарма Төрағасы Фархад Охонов маркет-мейкер қызметтерін көрсетуге арналған келісім-шартқа қол қойды.

"Halyk Finance" АҚ маркет-мейкері "Halyk Bank" АҚ акцияларына фьючерстер саудасына қатысады және нарықтағы өтімділікті қамтамасыз ету үшін сауда күні ішінде фьючерстерді сатып алуға және сатуға міндетті баға белгілеулерді қолдайды.