Сауда-саттық ақпарат

KASE қызметкерлері Қазақстан қор биржасының 30 жылдығын мерекелеу аясында Букреев шыңын (3010 м) бағындырды

2023 жылдың 6 тамызында KASE қызметкерлері Қазақстан қор биржасының 30 жылдығын мерекелеу аясында Букреев шыңын (3010 м) бағындырды.

Шыңға көтерілу біздің үнемі дамуға, инновация мен жауапкершілік принциптеріне деген ұмтылысымызды білдіреді және ESG принциптеріне деген адалдығымызды көрсетеді. Біз тек қаржылық табысқа ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамуға, қоршаған ортаға қамқорлық пен әлеуметтік жауапкершілікке ұмтыламыз.

2007 жылға дейін шың "Пионерский" деп аталған, содан кейін 14 сегіз мыңдықтың 11-ін бағындырған ұлы қазақстандық альпинист Анатолий Букреевтің құрметіне атауы өзгертілді. Альпинист, биіктігі теңіз деңгейінен 8091 метр жоғары, 12-ші шың – Аннапурнаға көтерілу кезінде қар көшкінінің астында қаза тапты. Сол жылы шыңға ескерткіш тақтайшалар орнатылды, сонымен қатар қоңырау соғылды, оған соққы берген әркім Қар Барысы Анатолийді еске алып, рұхына құрмет көрсете алады. Букреев өз заманының ең мықты альпинистерінің бірі болып саналады, өйткені ол жоғары және күрде.