Сауда-саттық ақпарат

KASE "ҚазТрансОйл" АҚ эмитент күнін өткізді

"ҚазТрансОйл" АҚ басшылығы инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Эмитент күні аясында KASE платформасында өткен кездесу 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ қызметіне арналды.

Кездесуде "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов және даму жөніндегі басқарушы директоры Абай Иманғалиев қатысушылардың назарына "ҚазТрансОйл" АҚ өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, күрделі салымдары, тарифтік саясаты және инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша негізгі деректерді ұсынды.

Кездесуге қатысушылар "ҚазТрансОйл" АҚ қызметінің түрлі аспектілері бойынша, оның ішінде "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту - 1 кезегі" инвестициялық жобасының іске асырылу барысы, мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру туралы сұрақтарға толық жауаптар алды.

"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы.