Сауда-саттық ақпарат

KASE "Биржалардың қаржы нарықтарын трансформациялаудағы рөлі" халықаралық биржалық форумын өткізді

2023 жылғы 16 қарашада Алматы қаласында KASE Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ, сондай-ақ біздің бас демеушілеріміз: Қазақстан Халық банкі және Freedom Finance, ресми демеушілер: BCC Invest, NGDEM Finance, Forte Bank және демеушілер: Қазақстан Сити Банкі және Astana Invest қолдауымен Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі шеңберінде "Биржалардың қаржы нарықтарын трансформациялаудағы" халықаралық биржалық форумын өткізді.

Форумда халықаралық және қазақстандық сарапшылар бүгінгі таңда өзекті болып отырған биржалық нарықтарды, цифрлық инфрақұрылым мен құралдарды дамытуға, әлемдік және жергілікті капитал нарықтарында теңгемен МБҚ сауда-саттығын ұйымдастыруға, IPO даму үрдістеріне, қаржы қызметтерін диджитализациялау және капитал нарықтарындағы бөлшек инвесторлар белсенділігінің өсуіне, қаржы нарығында ESG принциптері мен ESG өнімдерін дамыту мен ілгерілетуге қатысты тақырыптарды талқылады.

Форумда Алматы қаласының Әкімі Ерболат Досаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов, ҚНРДА Төрайымы Мадина Әбілқасымова, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова, WFE Бас атқарушы директоры Нандини Сукумар, KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген сөз сөйледі.

Форум аясында 30 жыл бойы еңбек етіп, Қазақстанның қор нарығын дамытуға елеулі үлес қосқан қаржы ұйымдарын, қаржы секторының сарапшылары мен мамандарын, сондай-ақ Бөлшек инвесторлар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Қосымша ақпаратты келесі сілтемеден қараңыз: Forum Kaz.