Сауда-саттық ақпарат

KASE "Қазақтелеком" АҚ эмитент күнін өткізді

2023 жылдың 14 қыркүйегінде KASE-де "Эмитент күні" шеңберінде "Қазақтелеком" АҚ-ның 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары айтылды.

Жетекші телеком-оператордың бас қаржы директоры Людмила Атамұратова және оның әріптестері онлайн-іс-шарада "Қазақтелеком" компаниялар тобының қаржылық қызметінің негізгі қорытындылары туралы айтып қана қоймай, инвесторлардың, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болды.