Сауда-саттық ақпарат

KASE "Қазақтелеком" АҚ эмитент күнін өткізді

2023 жылғы 24 қарашада KASE-де "Эмитент күні" шеңберінде "Қазақтелеком" АҚ-ның ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары жарияланды.

Жетекші телеком-оператордың Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова және оның әріптестері онлайн өткізілген іс-шара барысында "Қазақтелеком" компаниялар тобының қаржылық қызметінің негізгі нәтижелері туралы айтып, инвесторлардың, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, Атамұратова ханым топтың 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі шоғырландырылған кірісі 504 млрд теңгені құрағанын мәлімдеді. 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кіріс 6%-ға өскен. EBITDA көрсеткіші ағымдағы жылдың 9 айында 235 млрд теңгеге жеткен, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары. Компанияның күрделі салымдары (CAPEX) Топтың есептелген кірістерінің шамамен 68%-ын құрады.

Сонымен қатар телеком-оператордың Бас қаржы директоры Топтың 2023 жылдың қорытындысы бойынша кірісі 670-690 млрд теңге шамасында, EBITDA бойынша рентабельділік 40-42% деңгейінде, ал кіріске қатысты күрделі шығындар 27-37% құрайды деген болжамымен бөлісті.

KASE Басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов кездесудің модераторы болды.