Сауда-саттық ақпарат

Павлодарда қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" бірінші жәрмеңкесі өтті

2023 жылдың 06 қазанында KASE Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразиялық университет алаңында қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" бірінші жәрмеңкесін өткізді

KASE, "Самұрық-Қазына" АҚ, "KEGOC" АҚ және брокерлік компаниялар өкілдері іс-шараға қатысушыларға қор нарығындағы инвестициялар, оның ішінде SPO мүмкіндіктері, брокерлік компаниялармен өзара іс-қимыл, "KEGOC" АҚ қызметінің нәтижелері және "Биржалық симулятор" оқу сауда-саттығы туралы айтып берді. Сонымен қатар, қатысушылар шеберлік сыныптары мен ойындарға қатысып, жүлделерді жеңіп алды.

Жәрмеңкеде келесі брокерлік компаниялардың өкілдері болды: "Қазпочта" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Брокер Қазақстан", "Jusan Invest" АҚ, "Halyk Finance" АҚ, "BCC Invest" АҚ. Іс-шараға барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Аталған іс-шара KASE-нің 30 жылдығына және "Биржалық симулятор" жобасының 15 жылдығына орай, сондай-ақ Дүниежүзілік қор биржалары федерациясының (WFE) жыл сайынғы World Investor Week 2023 бағдарламасын, "Ring the Bell for Financial Literacy" рәсімін және KEGOC SPO акцияларын қосымша орналастыруды қолдау мақсатында жүзеге асырылады.