Сауда-саттық ақпарат

2023 жылдың III тоқсаны мен тоғыз айының қорытындысы бойынша KASE баспасөз конференциясы

Сіздерді 2023 жылдың 11 қазанында Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-де өтетін баспасөз конференциясына шақырамыз.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы қазақстандық биржалық нарық жұмысының қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізеді.

Конференция барысында KASE қызметі және Биржа жобаларын іске асыру туралы ақпарат, сондай-ақ есепті кезеңдегі қор нарығының трендтері ұсынылады.

Іс-шара спикері – KASE басқарма Төрайымы Алина Алдамберген.

Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері пошта арқылы аккредиттеуден өтуі қажет pr@kase.kz немесе мұнда. Барлық тіркелген қатысушыларға Zoom сілтемесі (шақыру) жіберіледі.