Сауда-саттық ақпарат

KASE "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" ЖШС-нің "Эмитент күнін" өткізді

KASE 2023 жылғы 08 желтоқсанда "Эмитент күні" жобасының шеңберінде "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" ЖШС-нің (бұдан әрі - "Компания") басшылығымен бірлесе отырып, компания облигацияларын KASE алаңында жоспарлы орналастыру тақырыбында онлайн кездесу өткізді.

Компания тарапынан спикерлер ретінде Бас директоры Дулат Тастекей, Басқарушы серіктес Руслан Ким және Қаржы директоры Маржан Бакқожа сөз сөйлеп, инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына облигацияларды шығару және орналастыру параметрлері, осы қағаздардың инвестициялық тартымдылық факторлары, компанияның қаржылық көрсеткіштері мен даму тарихы, оның МҚҰ нарығындағы ұстанымы туралы мәлімет берді.

Кездесуде бірлескен андеррайтерлер тарапынан "Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Роман Асильбеков және "BCC Invest" АҚ Корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры Аманат Ысқақов қатысты.

Онлайн кездесудің модераторы KASE Эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов болды.