Сауда-саттық ақпарат

Акциялар нарығындағы бөлшек инвесторлар арасында KASE конкурсының қорытындысы жарияланды

KASE 2023 жылғы 10 қазан мен 10 қараша аралығында Қазақстан Республикасындағы өкілдік тізімнің – KASE Индексінің, сондай-ақ KASE Global секторының акциялар нарығында бөлшек инвесторлар арасында конкурс өткізді.

Конкурс Қазақстан Республикасында биржалық сауда-саттықты ілгерілетуге бағытталған және KASE-ге мүше брокерлік ұйымдардың клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар арасында өткізілді.

Конкурсқа KASE-ге мүше 4 брокерлік ұйымның клиенттері болып табылатын 131 бөлшек инвестор қатысты.

Конкурсты өткізу кезеңінде оның қатысушылары 485 млн 854,082 мың теңге сомасына 5448 мәміле жасасты.