Сауда-саттық ақпарат

KASE «Кселл» АҚ «Эмитент күнін» өткізді

2023 жылдың 14 сәуірінде KASE «Эмитент күні» жобасы аясында "Кселл" АҚ басшылығымен «4-тоқсандағы және 2022 жылғы қаржылық нәтижелер» тақырыбында онлайн кездесу өткізді.

«Кселл» АҚ спикерлері – Басқарма Төрағасы Асхат Өзбеков, Бас коммерциялық директор және Басқарма мүшесі Мария Аверченко және Қаржы директорының орынбасары Дамир Муллашев іс-шараға қатысушыларға компанияның қаржылық жағдайы мен нәтижелері, болжамды күтулер, нарықтағы позиция, телекоммуникация саласындағы өсу туралы, сондай-ақ бәсекелестіктің және "Кселл" бизнесіне және жалпы телекоммуникация саласына әсер ететін басқа да экономикалық, іскерлік, бәсекелестік және/немесе реттеуші факторлардың әсері жөнінде айтып берді.

Шараға KASE Басқарма Төрайымының орынбасары Ермек Мәжекенов модераторлық етті.

Шара инвесторларға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және БАҚ өкілдеріне арналып өткізілді.