Сауда-саттық ақпарат

KASE «Форпост» ЖШС «Эмитент күнін» өткізді

2023 жылдың 19 сәуірінде KASE "Эмитент күні" жобасы аясында "Форпост" ЖШС басшылығымен "Форпост" ЖШС долларлық облигацияларын шығару» тақырыбында онлайн кездесу өткізді.

"Форпост" ЖШС Бас директоры Ермек Ілиясов, қаржы директоры Ерлан Тасболатов және қаржыгер Берік Қанаев компания қызметі, құрамында алтыны бар руданы өндіру және алтын өндіру нәтижелері туралы, сондай-ақ флотациялық кен байыту фабрикасын кеңейту, пайдалылығы мен көлемін жылына 540 кг алтынға дейін ұлғайту туралы әңгімеледі.

"Форпост" ЖШС долларлық облигацияларын шығару шарттары туралы "Jusan Invest" АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің Басқарушы директоры Жанна Төлекова мен Талдамалық зерттеулер басқармасының бастығы Бауыржан Төлепов баяндады.

Шара инвесторларға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және БАҚ өкілдеріне арналып өткізілді.