Сауда-саттық ақпарат

2023 жылдың бірінші тоқсанындағы биржа нарығы жұмысының қорытындылары бойынша KASE баспасөз конференциясы

2023 жылғы 11 сәуірде Қазақстан қор биржасы (KASE) баспасөз конференциясын өткізді, онда KASE қызметінің негізгі қорытындылары және 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қазақстандық биржа нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылды.

Шара спикері – KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген.

Іс-шара Zoom платформасы арқылы онлайн өткізілді.
Толығырақ ақпарат баспасөз мәлімдемесінде және презентацияда.

KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізу оның айқындық пен ашықтық ақпараттық саясатының бір бөлігі болып табылады.