Сауда-саттық ақпарат

"Жинақтаудан инвестиция жасауға дейінгі 5 қадам"

2024 жылғы 19 наурызда KASE жаңа бөлшек инвесторларға арналған "Жинақтаудан инвестиция жасауға дейінгі 5 қадам" тақырыбында вебинар өткізді.

KASE Эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің бас маманы Нұркен Болатбек қатысушыларға инвестициялауға болатын жинақ түрлері, бастапқы инвестициялар кезіндегі маңызды іс-қимылдар, қор нарығының құрылымы, сондай-ақ брокерді қалай таңдау және өз инвестицияларды алаяқтардан қалай сақтау керектігі туралы айтып берді.

Іс-шара балалар мен жастарға арналған қаржы саласындағы Халықаралық Даму Қоры - Child and Youth Finance International (CYFI) іске асыратын балалар мен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі дүниежүзілік жыл сайынғы Global Money Week (GMW) қозғалысы шеңберінде ұйымдастырылды.