Сауда-саттық ақпарат

KASE "ҚазТрансОйл" АҚ үшін "Эмитент күні" әс-шарасын өткізді

Достар, бүгін KASE қызметкерлері "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен "ҚазТрансОйл " АҚ-ның 2023 жылғы қызметінің қорытындысы" тақырыбында онлайн форматта кездесу өткізді.

"ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов және Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов компанияның өндірістік және қаржылық нәтижелері туралы мәлімдеді.

Даму жөніндегі басқарушы директор Абай Иманғалиев және Тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаев компания қызметінің түрлі бағыттарына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "Эмитент күні" жобасының шеңберінде өткізілді.

Презентация KazTransOil