Сауда-саттық ақпарат

KASE "Кселл" АҚ "Эмитент күнін" өткізді

2024 жылғы 15 наурызда KASE "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "Кселл" АҚ басшылығымен "2023 жылдың 4 тоқсаны мен 12 айындағы қаржылық нәтижелерге шолу" тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.

"Кселл" АҚ спикерлері – Бас атқарушы директор және Басқарма Төрағасы Асхат Өзбеков, Бас коммерциялық директор және Басқарма мүшесі Ольга Цой және Бас қаржы директоры және Басқарма мүшесі Дамир Муллашев – іс-шараға қатысушыларға компанияның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелері, болжамды көрсеткіштер, нарықтағы позициясы, телекоммуникация саласындағы өсім туралы, сондай-ақ бәсекелестіктің және "Кселл" бизнесіне және тұтастай телекоммуникация саласына әсер ететін басқа да экономикалық, іскерлік, бәсекелестік және/немесе реттеуші факторлардың әсері жөнінде мәлімет берді.

Іс-шараның модераторы – KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов болды.

Іс-шара инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін өткізілді.

Kcell презентациясы