ҚҰБ ҚҚК Қазақстан қор биржасының Сараптық комитетінің құрамын мақұлдады

20.06.12 17:37
/KASE, 20.06.12/ - Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 15 маусымында Биржалық кеңес Сараптық комитетінің құрамын мақұлдады деп хабарлайды. Комитет құрамы туралы мәліметтер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/authorities мекен-жайы бойынша жарияланған. 2012 жылдың 01 маусымындағы "KASE Биржалық кеңесінің Сараптық комитетінің жаңа құрамы сайланды" KASE жаңалығы http://www.kase.kz/kz/news/show/1168190 мекен-жайы бойынша жарияланған.