22 желтоқсан күні KazPrime индикаторының мәні өсіп, жылдық 9,00% құрады

22.12.14 12:10
/KASE, 22.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) фиксинг нәтижесі бойынша 2014 жылдың 22 желтоқсан күні KazPrime индикаторының мәні алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 50 базистік нүктеге өсіп, жылдық 9,00% құрады деп хабарлайды. KazPrime индикаторы қазақстандық нарықта банкаралық депозиттерді actual/360 есептік базасымен 3 ай мерзіміне ақшаларды орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді. Индикатордың актуалды мәнімен және мұрағаттық мәліметтермен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/kz/kazprime мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-12-22]